Астанада ҰҚК қызметкерінің денесі табылды

Сырым Қаржас
gov.kz

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

21 сәуір күні елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан ҰҚК қызметкерінің мәйіті табылды. Бұл ақпаратты ҰҚК-нің баспасөз қызметі растады.

Оқиға елордадағы тұрғын үй алабында болған. Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері келіп, кейін сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қайтыс болған адамның жеке басы, өлімнің себептері мен қандай да бір күш қолдану белгілерінің бар-жоғы туралы ресми мәлімет әзірге жарияланған жоқ.