Жан түршіктірер көрініс: киіктердің өлігі тиелген жүк көлігінің видеосы көптің жағасын ұстатты

Сырым Қаржас
Скриншот

Әлеуметтік желілерде киіктердің өлігі тиелген жүк көлігінің видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеокадрларда киік өлекселеріне толы жүк көлігін көруге болады. Өлікті көліктен еш сақтанбай лақтырып жатыр.

Жүрегі дауаламайтындар үшін бұл көріністерге қарау қиын. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы осы видеода не болып жатқанын нақты әрі түсінікті түрде түсіндіріп береді деп сенеміз, – деп жазады egov.press.

Бұл бейнематериалға орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті назар аударып, пікір білдірген. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бейнежазбада Ұлытау облысында киік өлекселерін кәдеге жарату процесі түсірілген.

Алайда жарияланым авторлары бұл мәлімдемемен келіспейді. Олардың айтуынша, видеода тек өлекселер емес, тірі киіктер де бар.

Жануарларға қатігездік көрсету фактісі бойынша Қазақстан Ішкі істер министрлігі шұғыл шара қабылдауы тиіс, – деп мәлімдеді әріптестер.

Айта кетейік, бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киік санын реттеу мақсатында атып жою әдісінен министрлік толықтай бас тартты деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарған болатын.