Шенеуніктер түркиялықтарды жойқын жер сілкінісіне дайындалуға шақырды

Сымбат Сатыбалдина
Turkiye Today / x.com

Түркия парламентінің спикері Нуман Куртулмуш Ыстамбұл мен оған жақын аймақтарда сезілген жер сілкінісіне байланысты ел халқына үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

ҮНДЕУ

Нуман Куртулмуш соңғы күндері болған жер сілкінісіне байланысты жапа шеккендерге көңіл айтып, оның Ыстамбұл мен маңындағы өңірлерде қатты сезілгенін атап өтті. Спикердің айтуынша, қазіргі таңда қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ.

- Бұл жер сілкінісі ауыр зардапсыз өтеді деп үміттенеміз. Біз ұлт болып кезекті қауіп-қатерді артта қалдырамыз деп сенеміз. Алайда, Ыстамбұлда қуатты жер сілкінісі болуы мүмкін, деді Куртулмуш.

БАРЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ ДАЙЫН БОЛУЫ КЕРЕК 

Спикер өз сөзінде халықты, сондай-ақ барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды жер сілкінісіне дайын болуға шақырды. Оның айтуынша, негізгі мақсат – мүмкін болатын апатты ең аз шығынмен еңсеру.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бүгін Түркияның Ыстамбұл қаласында бірнеше рет жер сілкінісі тіркелді

СЕЙСМОЛОГТАР НЕ ДЕЙДІ 

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының (EMSC) деректеріне сәйкес, магнитудасы 6,2 балл болған жер сілкінісі жергілікті уақытпен 12:49-да тіркелген. Эпицентрі Мрамор теңізінде, Силиври қаласынан 26 шақырым оңтүстікте орналасқан.

Кейінірек осы ауданда тағы екі дүмпу болды: 5,0 және 5,3 магнитудалы. Бұл жер сілкіністері де Стамбулдың бірнеше аймағында сезілген.