Қазақстан азаматтарының жағдай қалай – СІМ Ыстамбұлдағы жер сілкінісіне қатысты мәлімдеме жасады

Сырым Қаржас
Фото: x.com/lcmporter

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Түркияда болған жер сілкінісіне байланысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазіргі таңда Түркияда жүрген Қазақстан азаматтарынан Қазақстанның Ыстамбұлдағы бас консулдығына ешқандай өтініш түскен жоқ. ҚР сыртқы істер министрлігі жағдайдың дамуын Түркия билігімен және Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесіп бақылап отыр. Ыстамбұлдағы ҚР Бас консулдығының консулдық есебінде 1137 Қазақстан азаматы тіркелген, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Түркиядағы қазақстандықтарға сабыр сақтап, барынша сақтық таныту және жергілікті биліктің нұсқауларына құлақ асу ұсынылды.

ЖЕР СІЛКІНІСІ

Бүгін күндіз Ыстамбұл жағалауындағы Мәрмәр теңізінде магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі тіркелді. Одан кейін 30-дан аса афтершок болған. Қаланы үрей билеп тұр.