«Владимир, тоқтат!» Трамп Украинада қаза болған ресейліктер санын атады

Сырым Қаржас
Ұлысмедиа коллажы

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің Киевке жасаған соққыларына көңілі толмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресейдің Киевке жасаған соққыларына менің көңілім толмайды. Бұл әрекеттердің еш қажеті жоқ әрі уақыты өте қолайсыз. Владимир, тоқтат! Аптасына 5000 сарбаз қаза тауып жатыр. Келіңіз, бейбіт келісімге қол қояйық! – деп мәлімдеді Трамп Truth Social парақшасында.

КИЕВКЕ ЖАСАЛҒАН СОҚҚЫ 

24 сәуірге қараған түні Ресей Украинаға жаппай соққы жасады. BBC-дің Орыс қызметінің жазуынша, кемінде 8 адам көз жұмып, ондаған адам жарақат алған. Үйінді астында жатқан адамдар бар. Олардың бірі 8 сағаттан кейін аман-есен сыртқа шығарылды. Украинаның ресми билігі 90 адам зардап шеккенін, олардың 44-і ауруханада екенін хабарлайды.