22 сәуір күні Қарағанды облысының Шет ауданында Ақтөбе қаласының 41 жастағы тұрғынының денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Облыс полициясы департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай Ақшатау кентінің маңында болған – ер адам жол жиегіндегі дәмхана маңында тұрған өз жүк көлігінің кабинасынан табылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші өзіне-өзі қол салған. Құқық қорғау органдары оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, трагедияның барлық жай-жапсарын тексеріп жатыр.
Полицейлер оқиғаның себептері мен мүмкін мотивтерін анықтауға кірісті. Ресми қорытынды тергеу шаралары аяқталғаннан кейін жарияланады.