Қылмыс әлемінде атышулы “Серик Голова” көз жұмды

Сымбат Сатыбалдина
Ашық дереккөзден

Қылмыс әлемінде атышулы “Серик Голова” колонияда көз жұмды. Ресми мәлімет бойынша, ол бауыр обырынан қайтыс болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресми мәлімет бойынша, сотталған Серік Джаманаев 2024 жылдың желтоқсанында түзеу мекемесіне этаппен жеткізілген.

– Түрмеге келген сәттен бастап оған толық медициналық тексеру жүргізілді. Диагноз – бауыр обыры, үшінші сатысы. Сол кезден бастап ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. Сотталған азаматты бірнеше рет медициналық ұйымдарға апарып, тексерулер мен ем-дом шаралары жүргізілді. 8 сәуір күні ол көпсалалы онкологиялық ауруханаға жатқызылды. Қабылданған шараларға қарамастан, 25 сәуір күні ол қайтыс болды, – деп мәлімдеді мекеме өкілдері.

Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізілуде.

“СЕРИК ГОЛОВА”

Серік Джаманаев Серік Голова лақап атымен белгілі. Ол 2021 жылдың басында 19 жылға бас бостандығынан айырылған. Сот үкіміне сәйкес, ол жазасының 14 жылын — аса қатаң режимдегі, ал қалған 5 жылын — қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтеуі тиіс.

Оған ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылған. Прокурордың мәліметінше, оның тобы жасаған әрекеттердің салдарынан бір адамның өліміне әкеп соққан оқиға орын алған. Бұл қасақана емес, абайсызда болған деп бағаланған.