9-10 қадам жүре бастады: Руслан Берденовтің жағдайы белгілі болды

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Respublika партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандықтан кейін оның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

МӘН-ЖАЙ

Тау әлеуметтік желіде жазба жариялап, зардап шеккен шенеуніктің жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты.

– Құдайға шүкір, досымыз Руслан Берденов досымыз сөйлеп, 9-10 қадам жүре бастады. Жағдайы күннен күнге жақсарып келеді. Тілеулес болған баршаңызға алғыс айтамыз, – деп жазды ол.

БҰҒАН ДЕЙІН

Оқиға 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында болды. Руслан Берденовтің оң жақ жамбасы мен иығына оқ тиіп, жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Оған ота жасалып, өміріне қауіп жоқ деп бағаланды.

Оқ атқан адам оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шымкент полициясы қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Инсайдер Ербол Еділов таратқан мәлімет бойынша, Шымкент қаласының тұрғыны, 1994 жылы туған "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС-де маман болып жұмыс істейтін азамат, әкімдік ғимаратының жанында қызметтесі — Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Берденов Руслан Арысбекұлына оқ атқан.

ӘЙЕЛІН ҚОРҒАҒЫСЫ КЕЛГЕНІ РАС ПА?

Күдіктінің айтуынша, Руслан Берденов оның 1995 жылғы жұбайын мазалап, орынсыз әрекеттер жасаған. Әйелі қазір жұмыссыз.

Ақпан айында Берденов Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында мандатынан бас тарту себебін жасырмай айтып берген болатын.