Қаржаубайдың адвокаттарына қастандық па: көліктен күмәнді ақау табылды

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесінен кейін жәбірленуші тараптың адвокаты күтпеген оқиғаға тап болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАСТАНДЫҚ ПА, КЕЗДЕЙСОҚТЫҚ ПА?

Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев желідегі парақшасында видео жариялады. Бейнежазбада адвокаттардың бірінің автокөлігін көруге болады. Көліктің дөңгелегінің екі бұрандасы жоқ. 

“Бүгін қазір ғана сот отырысынан шықтық. Мынаған назар аударыңыздар. Бізге жасалған қастандық па, әлде кездейсоқтық па? Оны құдай білсін. Екі болтын шешіп алыпты. Қазір жолда жүргенде бізге өте қауіп туғызатын жағдай бұл”- дейді адвокат. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесінде бүгін түстен кейін марқұмның досы Нұрдәулет Байтұрсыновтың тергеу кезінде берген жауабының видеосы жарияланған. 

2024 жылдың 3 қазаны күні түнде Нұрдәулет досы Ахметпен бірге бильярд ойнап жүрген кезде досы Шерзат қоңырау шалған.

Одан бұрын Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесінде бүгін түстен кейін марқұмның қаза болған ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу кезінде берген жауабының видеосы жарияланған еді. 

Нұрқанат тергеу кезінде оқиға орнында болған екі қызға қатысты күтпеген деректер айтқан.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Өткен аптада Шерзат Полат ісі бойынша сот процесі қалай өткенін мына екі сілтемеден көруге болады.