Алматы тұрғындарына электр энергиясы үшін берешекті өндіру бойынша белсенді шаралардың басталғаны ескертілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2025 жылдың 12 мамырынан бастап компанияның «АлматыЭнергоСбыт» филиалы төлемі кешіктірілген тұтынушылардың үйін электрмен жабдықтауды кезең-кезеңімен шектейді.
Шектеулер күн сайын сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін енгізіледі. Тек берешек тіркелген мекенжайларды қамтиды. Электрмен жабдықтау уақытша — қарыз толық өтелгенге дейін тоқтатылады. Компания өкілдері шектеулер кезінде басқа, төлемді уақтылы жүргізіп отырған тұрғындарға қолайсыздықты азайту мақсатында жұмыс тұрғын үй иелері бірлестіктері (ТҮИБ) және тұрғын үй кооперативтерімен бірлесе жүргізілетінін атап өтті.
Алматы электр желілік компаниясының (АЖК) мәліметінше, уақытша ажырату — жауапсыз тұтынушыларға қатысты ең тиімді шаралардың бірі. Төлемнің уақытында жасалмауы дебиторлық берешектің өсуіне алып келіп, қаладағы тұрақты электрмен қамту жүйесіне қауіп төндіреді.
Қазір Алматы қаласы тұтынушыларының жалпы берешегі шамамен 1,2 миллиард теңгені құрайды.
Компания тұрғындарға қарыздарының бар-жоғын алдын ала тексеріп, өз ТҮИБ-на немесе 356-99-99 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға кеңес береді.