Еуропада МРТ-ға түсіп, Қазақстандағы бағаға шүкір дедім – Бапи

Аян Өрібай
Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи МӘМС қорына қоғамдық бақылауды күшейту мәселесін қарауды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАЙЛЫ

Депутат Ермұрат Бапи қандай формада болса да, МӘМС қоры болуы керектігін айтты. Бапидің өзі былтыр Еуропада екі рет емделіп келген.

Сол кезде МРТ бағасы 870 еуро, КТ бағасы 750 еуро болған кезде мен Қазақстанға бағаға құдайға шүкір деп ойладым. Бірақ дегенмен, осы МӘМС мәселесі жөнінде сөз болғанда мұның қаржылық мәселесіне өте көп наразылықтар бар. Түрплі сұрақтар бар. Екінші оқылымға дейін заңды талқылау барысында МӘМС-тің басқарма құрамына қоғам мүшелерін кіргізу немесе МӘМС-тің мүмкіндіктерін қарайтын қоғамдық комиссия құру жөнінде норма кіргізуге бола ма? Осы мәселе қаралып жатыр ма? – деп сұрады депутат.

МИНИСТРДІҢ ЖАУАБЫ 

Бұл сұраққа жауап берген министр МӘМС-ке қоғамдық бақылау қашан да керектігін айтты.

Ұсыныс өте дұрыс. Қолдаймыз. Екінші оқылымға дейін қараймыз. Заңға енгізу қажет болса енгіземіз. Ал құрамын жаңарту ұсынысы болса барлық кандидатурасы бірлесе отырып қараймыз, – деп жауап берді министр.