Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«ҚР Ішкі істер министрлігінің арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің және Ұлттық ұланның санын арттыру, көлікпен және материалдық-техникамен қамтамасыз етілуі мәселесін шешіп, жауынгерлік дайындық деңгейлерін арттыру, қажетті арнаулы көлік құралдарымен қосымша жарақтандыру қажет. Барлық күштік органдардың арнаулы мақсаттағы бөлімшелері қызметкерлерінің жалақысын арттыру керек», - деді Мәжіліс отырысында Қазақстан президенті.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қарулы күштердің, құқық қорғау құрылымдарының жұмысын қайта құру қажеттігін мәлім еткен еді.