Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстанда ұл балаларға адамның папиллома вирусына (ВПЧ) қарсы вакцина салу мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҰЛ БАЛАЛАРҒА ВАКЦИНА САЛУ МӘСЕЛЕСІ НЕГЕ КӨТЕРІЛДІ?
Министрдің айтуынша, бұл сұрақ үнемі талқыланып келеді, оның ішінде депутаттар тарапынан да ұсыныстар түсуде.
ЖАС ШЕКТЕУЛЕРІ КЕҢЕЙТІЛУІ МҮМКІН БЕ?
Әлназарова қазіргі халықаралық тәжірибе бойынша, қыздарға вакцина 9 жастан бастап салынатынын атап өтті. Оның пікірінше, бұл қисынды әрі дұрыс шешім.
ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ?
Министр атап өткендей, өткен және биылғы жылдары 11 жасар қыздарды иммунизациялау үшін бюджеттен қаражат бөлінді. Ал егде жастағылар мен ер балаларға вакцина салу қосымша қаражат пен жан-жақты зерттеуді талап етеді.
ВПЧ ҚАНДАЙ ҚАУІП ТӨНДІРЕДІ?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметіне сәйкес, ВПЧ – жыныстық жолмен берілетін кең таралған инфекция. Көптеген адамдар өмірінде бір рет болса да осы вируспен кездеседі, бірақ әдетте белгілер байқалмайды.
Вирус теріні, жыныс мүшелерін және көмей аймағын зақымдауы мүмкін. Алайда, вакцина арқылы вирус тудырған онкологиялық аурулардың алдын алу мүмкіндігі бар