2025 жылғы 5 мамырдан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Өзбекстаннан келген жаңа әуе компания — My Freighter (Centrum Air) лоукостері қосылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Қазақстанның Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл әуе компаниясы Ташкент – Алматы бағытында аптасына екі рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды.
2025 жылғы 6 маусымнан бастап жұма күнгі қосымша рейс енгізіледі. Осылайша, аптасына үш рет ұшады.
— Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді, — делінген хабарламада.