Желіде қазақ қызының шіркеуде неке қиған видеосы талқыға түсіп жатыр

Сырым Қаржас
Видеодан алынған кадр

Желіде қазақ қызы шіркеуде некесін қиған видеосы тарады, қолданушылар мұны түрліше қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Видеода шіркеуде неке қию рәсімі көрсетілген, ал қалыңдық ант берген кезде қазақша сөйлейді. Оның аты Әйгерім болып шықты, ол поляк жігітіне тұрмысқа шыққан.

Желі қолданушылары бұл түрлі пікір жазып жатыр. Алайда көпшілігі жас жұбайларға бақыт пен ұзақ ғұмыр тілеген:

  • Мына жігіт сізді аспанның жеті қабатына алып баратын бақытқа бөлейін деп тұр. Махаббаттарыңыз мәңгілік болсын;
  • Бақытты болсын, мұсылман қылсын енді сол жігітті;
  • Керемет, қазақша айтқаныңыз! Бақытты болыңдар!