24 мамырдан бастап күшіне енетін жаңа ережелерге сәйкес, Қазақстанның кез келген азаматы тұрғын үй кезегіне тұра алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жаңа жүйенің басты жаңалығы – бұрынғыдай шектеулі санаттар жойылып, барлық азаматтарға бірдей мүмкіндік беріледі. Енді кезекке тұру арқылы азаматтар:
Мемлекеттен жалға пәтер алуына (белгісіз мерзімге);
Сатып алу құқығымен жалға алуына;
2%, 5% немесе 9% жеңілдетілген ипотекалық мөлшерлемемен баспана алуына мүмкіндік алады.
Бұл процестің барлығы ашық және электронды түрде бақыланады, деп мәлімдейді билік өкілдері (Krisha.kz).
Кімдер өтінім бере алады?
Қазақстанның 18 жастан асқан азаматтары;
Қандастар;
Ата-анасыз қалған балалардың заңды өкілдері және басқа да санаттар.
Талаптар:
Соңғы 5 жылда атына тіркелген баспана болмауы тиіс;
Немесе тұрғын үйі апатты деп танылған болуы керек (және сол қалада орналасуы тиіс);
Азаматтың тұрақты тіркеуі өтінім беріп жатқан қалада болуы қажет (кемінде 3 жыл).
Бірақ: бұл талап жетім балаларға қатысты қолданылмайды.
Өтінімді қалай беру керек?
Кезекке тек онлайн тұруға болады. Ол үшін:
Өз санатыңызды көрсетуіңіз керек (әлеуметтік осал топқа жатсаңыз);
Жеке деректерді өңдеуге келіскеніңізді растау қажет;
Егер үйіңіз апатты болса – техникалық қорытындыны тіркеу керек.
Кімдерге бас тартуы мүмкін?
Соңғы 5 жылда баспана сатып алғандар;
Бұрын мемлекеттен баспана алғандар;
Апатты үйде тұрады, бірақ өтінімді басқа қаладан беріп жатыр;
Бұрын мемлекеттік ипотека немесе бағдарламамен үй алғандар;
Өтінімдегі мәліметтері дұрыс емес азаматтар.
Маңызды ескерту
24 мамырға дейін kezekte.kz ссайтынан өзіңіздің мәртебеңізді тексеріңіз.
Тіркеудің 3 жылдық талаптарын орындап, барлық құжаттарыңызды алдын ала дайындап қойыңыз.
Апатты үй болса – сарапшының техникалық қорытындысы қажет.
Кеңес алу үшін жергілікті «Отбасы банкі» бөлімшелеріне немесе электронды үкімет порталдарына жүгініңіз.