Әскери парад: астаналықтарды дронмен "қуған"

Сымбат Сатыбалдина
Видео кадры

7 мамыр күні Астанадағы әскери парад басталар алдында тұрғын үйлердің терезесіне жақын тұрған халықты квадрокоптермен ескерту жасап, "қуған", деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл сәтті елордалық тұрғын Әлия Куаныш видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Ол Тәуелсіздік алаңында өтетін әскери парад алдында жақын маңдағы үйлердің тұрғындары терезеге шығып, дайындықты бақылап тұрған. Сол сәтте дрондар арқылы ескерту берілген.

Видеода квадрокоптердің биік ғимарат терезесіне жақындап келіп, динамик арқылы хабарлама айтқаны естіледі.

- Құрметті тұрғындар! Қауіпсіздігіңіз үшін терезені жабыңыз және терезеден алыс тұрыңыз, дейді дрондағы хабарламада. 

Бұл әрекет қауіпсіздік мақсатында жүргізілгені айтылды. Видеоны әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылап жатыр.

ӘСКЕРИ ПАРАД

Бүгін Астанада 2,5 млрд бөлінген әскери парад өткен болатын. 

2,5 МЛРД

Еске салайық, қорғаныс министрлігі Жеңістің 80 жылдығына орай әскери шеру өткізетінін мәлімдеген болатын. Әскери парадқа 2,5 млрд теңге бөлінді.