Публицист қазақ тілінің ерекшелігі неде екенін түсіндірді

Сымбат Сатыбалдина
Ашық дереккөзден

Публицист Глеб Пономарев қазақ тілінің байлығы мен көркемдігін көрсететін бір ерекшелікті атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Публицистің айтуынша, бір қазақша сөз аударғанда бірнеше сөзге, тіпті бүтін бір сөйлемге айналуы мүмкін.

Ол бірнеше мысал келтірді.

Мысалы, жолдастарымызға деген сөз – “нашим приятелям”. Мұнда бір сөз екі сөзге айналды. Үйімде – в моем доме – бір сөз үш сөзге айналып отыр.
Ал айтқандарынан деген сөз “из того, что они сказали” деген толыққанды сөйлемге айналады.

ПУБЛИЦИСТ НЕ ДЕЙДІ

– Неліктен бұлай? Мұның сыры – агглютинацияда. Қазақ тіліндегі сөздер легоға ұқсайды. Түбір сөзге бірінен соң бір қосымшаларды жалғаймыз. Бұл сөзге жаңа мағыналар қосып отырады. Нәтижесінде ұзыннан-ұзақ лего пойызы сияқты сөз пайда болады. Орыс не ағылшын тілінде мұндай тәсіл жоқ. Онда дәл осындай мағына беру үшін бірнеше бөлек сөз қолдануға тура келеді, – деп түйіндеді ол.