Украинадан Газа секторына дейін: БҰҰ балаларды қорғауды үндеді

Сырым Қаржас
ЖИ / ulysmedia.kz

Біріккен Ұлттар Ұйымы қақтығыс аймақтарында балалар құқықтарының жаппай бұзылуын тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Біріккен Ұлттар Ұйымы дерегінше, балаларға қатысты құқық бұзушылықтар Конго Демократиялық Республикасында, Газа секторында, Гаитиде, Мьянмада, Нигерияда, Сомалиде, Суданда және Украинада анықталған. Есепте қарулы қақтығыстар салдарынан балалардың қаза табуы, жарақат алуы, күштеп әкетілуі және білім алу мүмкіндігінен айырылуы сияқты ауыр фактілер қамтылған.

БҰҰ-ның арнайы өкілі Ванесса Фрейзер 2026 жылы балалардың жағдайын жақсарту үшін шұғыл әрі батыл қадамдар жасауға шақырды. Ол қақтығыс тараптарын халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қатаң сақтауға, балаларға қатысты заңбұзушылықтарды тоқтатуға және кінәлілерді жауапкершілікке тартуға үндеді.

– Қарулы қақтығыс жағдайында балаларды қорғау – тек моральдық немесе саяси таңдау емес, бұл халықаралық құқықтың тікелей талабы. Балалар құқықтарының бұзылуы әскери қылмыс ретінде бағалануы мүмкін, – деп атап өтті Фрейзер.

Сондай-ақ ол балаларды қорғауға бағытталған бағдарламаларды қаржыландыруды арттырудың маңызын ерекше атап өтті. БҰҰ өкілінің айтуынша, тиісті қолдау көрсетілмейінше, қақтығыс аймақтарындағы ең осал топ – балалардың жағдайын түбегейлі жақсарту мүмкін болмайды.