Қазақстан қарулы күштерінің нығаюын Ресей тарапы оң бағалап отыр. Мұндай мәлімдемені еліміздегі Ресейдің төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
7 мамыр күні Астанада өткен әскери парад барысында ресейлік дипломат Қазақстанның Жеңістің 80 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуді бірінші болып бастаған ел екенін атап өтті.
Бородавкиннің айтуынша, Қазақстан әскері ҰҚШҰ елдерінің ортақ қуатын көрсетіп отыр.
— Біз Қазақстан Қарулы күштерінің нығайып жатқанына қуаныштымыз. Олар – одақтас армиялар ретінде белгілі. Қазақстан армиясы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің қарулы күштерінің құрамына кіреді. Сондықтан Қазақстан қарулы күштерінің күш-қуаты – бұл біздің ортақ күш-қуатымыз. Яғни, ҰҚШҰ-ға мүше барлық елді қорғауға дайын біріккен күш, — деді Алексей Бородавкин.
ӘСКЕРИ ПАРАД
Еске салайық, 7 мамырда Астанада 2,5 млрд бөлінген әскери парад өткен болатын.
2,5 МЛРД
Еске салайық, қорғаныс министрлігі Жеңістің 80 жылдығына орай әскери шеру өткізетінін мәлімдеген болатын. Әскери парадқа 2,5 млрд теңге бөлінді.