Оралда сап-сау ондаған ағашты отап, орнына жаңасын екпекші

Сырым Қаржас
әлеуметтік желі

Оралда бірнеше күн ішінде ондаған сау ағашты кесіп тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Қала тұрғындары әлеуметтік желілердегі жергілікті парақшаларда видеолар мен фотоларды бөлісіп, наразылық білдіріп жатыр.

Мысалы, Құрманғазы көшесі мен Абай даңғылының қиылысындағы сквер бірнеше сағат ішінде толықтай кесілген. Белгілі болғандай, бұл жер телімі әлдеқашан сатылып кеткен, қазіргі таңда ол жеке меншік иесіне тиесілі және ол бұл аумаққа үй салуды жоспарлап отыр.

Бірнеше апта бұрын коммуналдық қызмет өкілдері Сырым Датұлы көшесінің бойындағы жолақтағы сау ағаштарды кесіп тастаған. Ал жуырда қала орталығындағы даңғыл бойындағы ағаштар кесілген.

ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ?

Орал әкімдігі ағаштардың жұмыс тобы шешімімен "қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында" кесілгенін хабарлады.

Билік өкілдері ағаштардың орнына жаңалары отырғызылатынын айтып отыр.