Қазақстандық белсенді Ермек Нарымбайдың "сот шешімін орындамағаны үшін" қамауға алынғаны жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
ҚазТАГ агенттігінің мәліметінше, белсендіге бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалған.
Полиция қызметкері жасаған әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, 2025 жылғы 20 наурыз бен 21 сәуір аралығында Ермек Нарымбай Facebook желісінде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тақырыптарға қатысты 10 материал жариялаған.
Нарымбайдың бұл материалдарды Конституциялық сотқа жолдау және істі конституциялық емес деп тану туралы өтініші қанағаттандырылмаған.
СОТ ҚАУЛЫСЫНАН ҮЗІНДІ
– Осындай әрекеттердің алдын алу, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және құқықбұзушыны тәрбиелеу мақсатында, сондай-ақ оның және басқа тұлғалардың тарапынан жаңа құқықбұзушылықтардың болмауы үшін Нарымбай Е.Е.-ні бес тәулікке әкімшілік қамауға алу дұрыс деп есептеледі, – делінген қаулыда.
АНЫҚТАМА
Ермек Нарымбай — оппозициялық саяси белсенді. 2010 жылы ол өз жақтастарын жинап, Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік өкілетін айыру үшін референдум өткізуді талап еткен. Кейін ол 4 жылға бас бостандығынан айырылған.
2016 жылы Нарымбай "Көше желі" атты кітаптан үзінді жариялағаннан кейін алауыздықты қоздырды деген айыппен сотталды. Белсендіге үш жылға бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Алайда тыйымға қарамастан, ол Қазақстаннан кетіп, Украинаға қоныс аударды. 2022 жылы қаңтар оқиғаларынан кейін Нарымбай отанына оралды, сол кезде ол ұсталды. Бірнеше айдан соң белсенді тергеу изоляторында азапталғанын айтып, аштық жариялады.