Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Азық-түлік инфляциясын тежеу және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын мемлекеттік реттеу шараларын күшейту шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің нақты және бағаның қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып жатыр. Екіншіден, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, тауарларды өндіру, тұтыну және қайта бөлу теңгерімдерінің толық мониторингі қамтамасыз етіледі», - деді министр.
Оның айтуынша, Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимыл шеңберінде импортталатын азық-түлік тауарларын тарту бойынша шаралар қабылданып жатыр.
«Қажет болған жағдайда экспорттық шектеу жөніндегі шаралар уақтылы қабылданатын болады. Қазірдің өзінде мал мен көкөніс экспортына тыйым салынды», - деді ол.