Майлық па, есірткі ме? Макронның баспасөз қызметі желідегі видеоға түсініктеме берді

Сымбат Сатыбалдина
Ашық дереккөзден

Елисей сарайы Франция президенті Эммануэль Макронның Киевке сапары кезінде түсірілген видеоға ресми түрде түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Видео пойызда түсірілген. Онда Макрон Германия канцлері Фридрих Мерц және Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен бірге келе жатыр. Купеде үстел үстінде жатқан майлықты Макрон видео басталған сәтте шетке ысырып қояды.

Алайда кейбір әлеуметтік желі қолданушылары бұл затты майлық емес, есірткі деп қабылдаған. Елисей сарайы бұл ақпаратты «Францияның жаулары таратқан фейк» деп атады.

– Еуропалық бірлік біреулерге ыңғайсыз бола бастағанда, дезинформация шегіне жетіп, қарапайым қағаз майлықты есірткідей етіп көрсетуге тырысады. Бұл жалған ақпараттарды Францияға қарсы бағытталған күштер – шетелде де, ел ішінде де – әдейі таратып отыр. Біз мұндай манипуляцияларға қарсы болуымыз керек, – деп келтіреді Макронның баспасөз қызметінің мәлімдемесін «Коммерсантъ» басылымы.

Сараптамалық түсіндірмеде майлықтың нақты фотосуреті де жарияланды. Оның астына: «Бұл – майлық. Мұрын сүртуге арналған» деген жазба қалдырылған.

БҰҒАН ДЕЙІН

10 мамыр күні Эммануэль Макрон, Фридрих Мерц, Кир Стармер және Польша премьер-министрі Дональд Туск Киевке ресми сапармен келді. Олар Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу өткізді. Келіссөздер нәтижесінде Зеленский 12 мамырдан бастап кемінде 30 күнге атысты тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді.