Жаңа министр газ бағасы қалай реттелетінін айтты

Ulysmedia

Энергетика министрі Болат Ақшолақов сұйытылған газ нарығындағы жағдайды толық бақылау үшін бірқатар жедел шара қабылданғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Сұйытылған мұнай газына уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілді. Литр үшін 50-75 теңге диапазонына дейін төмендетумен бөлшек сауда бағасы бекітілді», - деді Ақшолақов бүгінгі отырыста.

Энергетика министрлігімен 2 бұйрық бекітілген:

  1. 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін сауда-саттық қағидаларын тоқтата тұру бойынша бұйрық, оған сәйкес Энергетика министрлігі сұйытылған газды электрондық сауда-саттықтан тыс өткізетін болады;
  2. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бекіткен бөлшек саудадағы шекті бағаларға сәйкес келтіру үшін сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын төмендету жөніндегі бұйрық.

Сондай-ақ, бүгінгі күні электрондық сауда алаңдарынан тыс ішкі нарыққа сұйытылған газды жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларына түзетулер енгізу бойынша бұйрық әзірленген.

«Қысқа мерзімді шаралар ретінде биылғы қаңтар айының соңына дейін Үкіметке сұйытылған мұнай газы бағасының күрт өсуін шектейтін ашықтық қағидаттары мен тетіктерді енгізуді ескере отырып, электрондық сауда алаңдары/тауар биржалары арқылы сұйытылған газ саудасын одан әрі жетілдіру жөнінде кешенді шаралар енгізілетін болады, - деді ол.