Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қазақ жерлерінің қытайлықтарға беріліп жатқаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ФЕЙК
Желіде Қазақстан Қытайға кең көлемді жер береді деген ақпарат әлі тарап жүр. Осыған қатысты министр жауабын берді.
- Жер ресурстары комитеті бақылауда ұстайды. Себебі жер кодексіне байланысты шетелдік азаматтарға ешқандай жер берілмейді. Жалға да берілмейді. Ешқандай жер беріліп жатқан жоқ. Ол – фейк. Өзіміздің шаруалар жұмыс істеп жатыр.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстанның ауыл шаруашылығы жерлерін Қытайға беру жоспары туралы ақпарат тараған болатын. Хабарлама авторлары бұл келіссөздер 2009 жылдан бері жүріп жатқанын және жалға берілмек жер аумағы 1,7 миллион гектарға жеткенін жазған.
Сыртқы істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.