«Росатом» басшысы «Қазақстанда жақында АЭС салуға дайынбыз» деп мәлімдеді

Сырым Қаржас
Ұлысмедиа коллажы

Алексей Лихачёв "Росатомның" Қазақстанда АЭС салу жобасын іске асыруға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алексей Лихачёвтің айтуынша, "Росатом" Өзбекстанда шағын АЭС құрылысын бастаған. Алғашқы бетонды биыл құю жоспарланған.

Сондай-ақ, сәуір айында "Росатом" Қырғызстанның энергетика министрлігіне шағын қуатты АЭС салу жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін ұсынды.

Көптеген елдер энергетикалық атом клубына кіруге ниетті. Біз барлығымен жұмыс істеуге дайынбыз, шамамен 20 елмен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мен алдағы уақытта жобаларды іс жүзінде іске асыруды бастайтын елдерді атайын: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Вьетнам және, үміттенемін, тағы бір еуропалық ел, – деді Лихачёвті atomicenergy.ru сайты келтірген.

Контекст

Қазір Қазақстан өз аумағында ірі АЭС салу үшін мердігерлерді таңдап жатыр. Реакторлық технологияларды ұсынатын ықтимал жеткізушілердің шорт-парағына ресейлік "Росатоммен" қатар оңтүстіккореялық KHNP, француздық EDF және қытайлық CNNC енген.

Бұған дейін республикада АЭС құрылысын халықаралық компаниялар консорциумы жүзеге асыруы мүмкін екені хабарланған.