Қайрат Нұртас Ресейдің бес қаласында концерт қоймақшы

Сырым Қаржас
әлеуметтік желі

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас ауқымды концерттік турға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әншінің продюсері әрі анасы Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, жақын уақытта Қайрат бірнеше ТМД елінде өнер көрсетеді.

Жақында Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде отбасымен бірге Түркиядағы демалысынан видео жариялады. Ол жазбасында демалыстан бөлек, Қайраттың командасы іскерлік кездесулер өткізіп, маңызды ұйымдастыру мәселелерін шешіп үлгергенін айтты.

"Біраз тірліктерімізді бітіріп, кездесулермен қатар демалып та үлгердік", - деп жазды Айдарбекова.

Сол жазбада Гүлзира Айдарбекова жоспарларын да бөлісті. Оның айтуынша, гастрольдік кесте 18 мамырдан басталады:
    •    18 мамыр — Қырғызстанға;
    •    20 мамыр — Ташкентке (Өзбекстан);
    •    Әрі қарай — Ресейдің бес қаласына гастроль.

Қайрат Нұртас Ресейдің нақты қай қалаларында өнер көрсететіні әзірше белгісіз.