Түркістан облысында ветеринарлар ірі көлемдегі субсидияларды ұрлады деген күдікке ілінді

Сырым Қаржас
ашық дереккөз

Түркістан облысының прокуратурасы "Сауран ауданының ветеринария бөлімі" ММ ветеринариялық станциясының қызметкерлеріне қатысты мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бөлінген аса ірі мөлшерде мемлекеттік қаражатты жымқыру арқылы алаяқтық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Түркістан облысының прокуратурасы "Сауран ауданының ветеринария бөлімі" ММ ветеринариялық станциясының қызметкерлеріне қатысты мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бөлінген аса ірі мөлшерде мемлекеттік қаражатты жымқыру арқылы алаяқтық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады

– Тергеу барысында Оранғай, Жаңа Иқан ауылдық округтерінің ветеринарлары менветеринарлық бекеттің меңгерушісі “Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру” деректер базасына 31 шаруа қожалығында іс жүзінде жоқ малдың (ұсақ және ірі қара) бар екендігі туралы жалған мәліметтерді енгізіп, жалпы сомасы 271 млн теңге субсидияны жымқырғаны анықталды, – делінген хабарламада.

ЗАЛАЛ

Күдіктілер 19 миллион теңге көлемінде келтірілген залалды ішінара өтеп, сонымен қатар олардың 120 миллион теңге болатын мүліктеріне тыйым салынды.

Қазіргі таңда сот процесі жүріп жатыр.  

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе қалалық білім бөлімінің бас маманы жалақысының үстінен өзіне миллиондаған қаражат аударды деген күдікке ілінген еді. Бас маманға 4,9 млн теңге бюджет ақшасын жымқырды деген айып тағылған. Аша ұрлау тәсілі қарапайым: күдікті өзіне белгіленген мөлшерден тым жоғары еңбекақы аудартып отырған.