2025 жылы қажылық маусымы маусым айының басында басталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
2025 жылы исламдағы ең маңызды құлшылықтардың бірі — қажылық 4 маусым күні кешке басталып, 9 маусымда аяқталады. Бұл күндер — хижри күнтізбесі бойынша Зүлхижжа айының 8–13 күндеріне сәйкес келеді.
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) мәліметінше, биыл Қазақстаннан 4 500 адам қажылыққа аттанады. Сауд Арабиясына сапар 24–31 мамыр аралығында, ал елге оралу 10–16 маусым аралығында жоспарланған.
ВИЗА МӘСЕЛЕСІ
Визас рәсімдеу процесі 18 сәуірде аяқталды. Барлық қажы 17 сәуірге дейін ресми туроператорлар арқылы тіркеуден өтуге тиіс болған.
Сауд Арабиясы билігі қажылық маусымында ереже талаптарын қатаңдатты: 2025 жылғы 29 сәуірімен 10 маусым аралығында қажылыққа тек арнайы визасы бар адамдарға рұқсат етіледі. Бұл талапты бұзғандарға 100 000 сауд риалына дейін (шамамен 26 600 АҚШ доллары) айыппұл салынады.
АНЫҚТАМА
Қажылық – мұсылмандардың Мекке қаласына барып, Қағбаны зиярат ету арқылы атқаратын бес парызының бірі. Ол жыл сайын Зүлхижжа айында, арнайы күндері орындалады. Қажылыққа бару әрбір дені сау, ақыл-есі дұрыс және оған қаржылық мүмкіндігі бар мұсылманға өмірінде бір рет парыз.