"Қазгидромет" Атырау тұрғындарына ескерту жасады

Сырым Қаржас
Ulysmedia

"Қазгидромет" РМК синоптиктері қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Синоптиктердің мәліметінше, 2025 жылғы 18 мамыры күні түнде Атырауда ауа сапасы нашарлайды.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада ұзақ уақыт болудан, әсіресе автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында, аулақ болу;
  •  Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен жабық ғимараттарда айналысу.