Каспий теңізінде тағы да жер сілкінді

Сырым Қаржас
Pixabay.com

Каспий теңізінің акваториясында тағы да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әзербайжан ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жерасты дүмпулері 17 мамыр күні Қазақстан уақытымен 22:18-де тіркелген.

Жер сілкінісінің күші магнитуда шкаласы бойынша 3,4 балл болды. Эпицентрі 41.96° солтүстік ендік пен 48.92° шығыс бойлық координаталарында орналасқан. Жерасты дүмпулерінің ошағы 70 шақырым тереңдікте болған.

АНЫҚТАМА

Айта кетейік, Каспий өңірі сейсмикалық аймаққа жатады, мұндай жерасты дүмпулері уақыт өте қайталанып тұрады.

Еске салайық, Атырау облысындағы мұнай-газ кен орны — Теңіз маңында жер сілкінісі тіркелген еді.