Биыл студенттердің шәкіртақысы қанша теңгеге өседі

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Биыл 1 қыркүйектен бастап білім алушылардың шәкітақы мөлшері өседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ШӘКІРТАҚЫ ҚАНША ТЕҢГЕГЕ ӨСЕДІ

Үкіметте ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов бакалавриат үшін стипендияның өлшемі 52 372 теңге, магистратурада 117 098 теңге және докторанттар үшін 262 500 теңгені құрайтынын айтты. Яғни, биыл бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есе артады.

ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ

Инфрақұрылымдық жобалар бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда жатақханалардағы орын тапшылығы 2019 жылы 82 500-ден 2024 жылы 14 873-ке дейін азайды. Ешенқұлов осы ретте, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жатақханаларда орын беру жөніндегі мемлекеттік қызмет проактивті формат бойынша ұсынылатынын атап өтеді.