«Қуанышым қойныма сыймай тұр»: Түркістан облысының оқушысы ҰБТ-дан 140 балл алды

Сырым Қаржас
Фото: gov.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігі Түркістан облысында тұратын Әбілхан Жәнібек атты азамат ҰБТ-да ең жоғары 140 балын жинағанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны, мектеп түлегі Әбілхан Жәнібек ұлттық бірыңғай тестілеуде ең жоғары – 140 бал жинады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі ақпарат таратты.

Бақыттан басым айналып тұр! ҰБТ-дан 140 бал алғаныма әлі де сене алмай жүрмін. Қаңтар мен наурыздағы сынақтарда жақсы нәтиже көрсеткенім рас, бірақ мына жетістік – арманымның шыңы! Мен ҰБТ-ға мектептегі соңғы сыныптардан бастап мақсатты түрде дайындалдым, өйткені бала күнімнен-ақ кім болғым келетінін анық білдім. Менің арманым – IT маманы болу. Цифрлық технология дәуірінде елімізге IT саласындағы білікті мамандар аса қажет деп есептеймін. Солардың бірі болып, Қазақстанның дамуына үлес қосуды шын жүректен қалаймын. Бұл нәтиже – сол арманға бастар алғашқы қадам!» – деді мектеп түлегі.

Айта кетейік, бұған дейін наурыздағы ҰБТ-да Алматы облысының тағы бір оқушысы 140 бал жинағаны хабарланған еді.