Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров қазақстандықтарды АҚШ-тан депортациялауға қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қуантыровтың сөзінше, қазақстандықтар шетелде заңсыз жүрсе бұл олардың жауапкершілігі.
- Тиісті ақпарат берілді, ол екі тарапта да жарияланды. АҚШ тарапы елде еркін жүруге қатысты өзгеріс жасады. Өз еркімен кететіндердің жолын төлейді. Жаңа бағдарлама бойынша мың доллар көлемінде өтемақы береді. Ал санға қарасақ, жақында 19 азамат өз еркімен келді. Бұл өте аз. Басқа елдерге қарағанда аз. Себебі біздің азаматтар ол аймақта заңды түрде жүр. Консулдық есепте 3,7 мың азамат есепте тұр, дейді Қуантыров.
АҚШ МӘЛІМДЕМЕСІ
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі елде заңсыз жүрген адамдарға үндеу жасаған болатын.
Елшілік мәліметінше, АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі елде заңсыз жүрген азаматтар үшін өз еркімен қайтуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама қабылдағанына назар аударған.
ӨЗ ЕРКІМЕН КЕТКЕНДЕРГЕ АҚША ТӨЛЕНЕДІ
Бұл бағдарлама аясында өз еркімен қайтам деушілерге қайту билеті толық төленіп, елге жеткен соң 1000 АҚШ долл. көлемінде қаржы бөлу қарастырылған.
Ол үшін CBP Home мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру қажет.
АҚШ ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм бұл бағдарламаға қатысты пікір білдірген.