Қазақстанды меңзеді ме - «Росатом» көршілес елдермен келіссөздің нәтижесі туралы айтты

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Росатом мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев компания шетелде бір мезгілде 22 энергетикалық блок салып жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алексей Лихачевтің айтуынша, «Росатом» қазіргі таңда шетелдегі атом электр станцияларын (АЭС) салу бойынша әлемдік экспорт нарығының шамамен 90%-ын иеленіп отыр. Қазіргі уақытта компания Қытай, Үндістан, Түркия, Иран, Венгрия және Бангладеш аумағында 22 энергетикалық блок салуда.

КӨРШІЛЕРМЕН КЕЛІССӨЗ

Лихачевтің сөзінше, алдағы уақытта «Росатом» жаңа шетелдік жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл жобалар жақын көршілермен де, әрі алыс шет елдермен де байланысты болуы мүмкін. Оның айтуынша, бірқатар келіссөздер қазірдің өзінде соңғы кезеңге жеткен.

Лихачев «жақын көршілер» туралы айта отырып Қазақстанды меңзеген болуы мүмкін.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін "Росатом" Қазақстанда АЭС салу жөніндегі консорциум құрамына кіретіні белгілі болған еді. 

Сонымен қатар, «Росатом» басшысы Алексей Лихачёв «Қазақстанда жақында АЭС салуға дайынбыз» деп мәлімдеген болатын.