Алматы облысының Қаскелең қаласында мектеп бітіру кеші қайғылы оқиғамен аяқталды — түлектердің бірі құрдасымен жанжалдасып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Бұған дейін Ulysmedia редакциясы Алматы облысында жасөспірім сыныптасын өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлаған еді.
Қайғылы оқиға мектеп бітіру құрметіне ұйымдастырылған кеш кезінде болғаны анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, түлектердің ата-аналары оқу жылының аяқталуына орай кеш өткізу үшін үй жалдаған. Сол кеш кезінде екі сыныптастың арасында жанжал шыққан. Жанжал кезінде олардың бірі екіншісіне шампур сұғып алған.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?
Полиция аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті оқушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
– Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері күдікті — жәбірленушінің сыныптасын анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады, – делінген хабарламада.
Қылмыс жасаған жасөспірімнің ата-анасына бала тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін айыппұл салынды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы полициясы қызметтің күшейтілген режиміне ауысқанын жазған едік.
Кейінірек Алматыда мектеп түлектері жол қозғалысын өрескел бұзып жатқаны хабарланды.