Алматы облысында жасөспірімді өлтірмек болған күдікті іздестіріліп жатыр

Сырым Қаржас
Polisia.kz

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында жасөспірім кәмелетке толмаған бозбаланы бірнеше жерінен пышақтап кеткені үшін күдікке ілінді. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта күдіктінің орналасқан жерін анықтау мақсатында іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау үшін кешенді тергеу және жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізіп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті бұрын сотталған.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында мектеп түлегі сыныптасына шампур сұғып өлтіргенін хабарлаған едік.