Павлодарда көлік өртегіп, ерлі-зайыпты балаларымен бірге ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодардағы Олжабай батыр көшесінде автокөліктің өртенгені туралы хабарлама түскен.
– Өрт сөндірушілер жедел сөндіруге кірісіп, жарылысқа жол бермеді, – деді департаментте.
Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметкерлері мен ТЖД АМО бригадасы зардап шеккен 5 адамға, оның ішінде әйел мен күйік шалған жүргізушіні қарап, оларға көмек көрсетіп, балаларымен бірге ауруханаға жеткізді.
Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға автокөліктегі өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Қостанайда жантүршігерлік жол апаты болды.
Audi жүргізушісі рөлге ие бола алмай, ізінен келе жатқан Chevrolet Cobalt жүргізушісі алдындағы көліктен қашып құтыла алмай, соққыдан жол шетіне ұшып кеткен. Артынша көлік өртенген. Оқиға салдарынан Chevrolet жолаушысы алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Екі көліктің жүргізушілері мен екі жолаушысы әртүрлі жарақаттармен медициналық пунктке жеткізілді.