"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 26 мамырда Алматыда, Астанада, Шымкентте және 17 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Жетісу облысында, күндіз облыстаң солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда – 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл. Күндіз облыс бойынша найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, күндіз найзағай ойнап, дауыл соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні – 25 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с-ке дейін жетеді.
Павлодар облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде облыстысың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23, кей уақытта 28 м/с-ке жетеді.
Алматыда кей уақытта найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні – 18-23 м/с.
Маңғыстау облысының батысында жоғары өрт қаупі бар.
26 мамырда Атырау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.
26 мамырда Қостанай облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталды.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысында оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында күші – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, шөлді және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.