Демалыс болады: ҚМДБ Құрбан айттың ресми басталу күнін жариялады

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан айтқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ҚМДБ мәліметінше, бүгін һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 5 маусымға сәйкес келеді. 6 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.

ҚАСИЕТТІ КҮНДЕР

Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер мен айлар ай күнтізбесіне (қамари жыл санауы) сәйкес белгіленеді. Бұл жүйе айдың фазаларына негізделеді: жаңа ай (һиләл) көрінген сәтте жаңа ай басталады. Қамари айдың ұзақтығы 29 немесе 30 күн болуы мүмкін.

ЗУЛХИЖЖА АЙЫ ДЕГЕН НЕ

Зулхижжа айының басталуын анықтау үшін зулқағда айының 29 күні кешке айды бақылайды. Егер күн батқан соң жаңа ай көрінсе, келесі күн зулхижжа айының бірінші күні болып есептеледі. Ал бұлт кедергі жасап, ай көрінбесе, зулқағда 30 күнге дейін жалғасады. 2025 жылы жаңа айдың көрінуі 27 мамырға сәйкес келіп отыр. Осыған байланысты зулхижжа айы 28 мамырда басталып, Арафа күні 5 маусымға, ал Құрбан айт 6 маусымға түседі.

Зулхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен құлшылық жасап, игі амалдар мен сауапты істерге ерекше көңіл бөлу ұсынылады. Хадистерде бұл күндері жасалған жақсылықтардың сауабы еселеніп жазылатыны баяндалған.

ДЕМАЛЫС

Айта кетейік, Құрбан айт 6 маусым жұма күніне түсіп тұрғандықтан, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтан ол күні демалады.