Қазақстанда көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылатуға (тонировка) рұқсат беру бастамасы қайта көтерілді. Бұл қадам ел бюджетін жылына 50 миллиард теңгеге дейін толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мәжіліс депутаты Олжас Құсбеков бұл мәселе бойынша премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, елде көлік жүргізушілеріне алдыңғы бүйірлік терезелерге тонировка жасауға рұқсат беру бастамасы бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сай, 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша елде 6 млн 176 мың көлік тіркелген, оның 86,5%-ы – жеңіл автомобильдер.
– Егер автопарктің кем дегенде 5 пайызы рұқсат алса, ал рұқсаттың орташа құны 50 АЕК деп есептелсе, бюджетке түсетін түсім жылына 50 миллиард теңгеден асады. Бұл қаражат жол инфрақұрылымын дамытуға, жөндеуге және күтіп ұстауға бағытталуы мүмкін, – деді депутат.
КӨРШІ ЕЛДЕРДЕГІ ЖАҒДАЙ
Депутаттың айтуынша, кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті алдыңғы бүйір терезелердің жарық өткізгіштігі 70 пайыздан төмен болмауы шартын сақтаған жағдайда қараңғылатуға мүмкіндік береді.
Көршілес елдердің тәжірибесі де мұндай жеңілдетілген талаптардың тиімділігін көрсеткен. Мәселен, Қырғызстанда алдыңғы терезелерге ақылы тонировка жасауға рұқсат берілген және 2024 жылы бұл қызметтен 4 миллиард теңгеден астам қаражат түскен. Бүгінде мұндай тәжірибе Өзбекстанда, Біріккен Араб Әмірліктерінде және Оңтүстік Кореяда да бар.
ҰСЫНЫС
Олжас Құсбеков келесідей бастамаларды ұсынды:
Қазіргі таңда Қазақстанда көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылатуға тыйым салынған. Бұл талапты бұзғандарға 5 АЕК (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады.