Halyk Bank қақтығыстан зардап шеккендерге 3 млрд теңге аударады

Ulysmedia

Halyk Bank өз қаражатынан 3 млрд теңге бағыттайды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Қаржы шағын және микро бизнес секторындағы зардап шеккен кәсіпкерлерге көмекке, сондай-ақ қираған нысандарды тез арада қалпына келтіруге және дереу шешуді талап ететін басқа да міндеттерге жұмсалады.

Бұған дейін Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова Atameken Business-ке берген сұхбатында банктің қоғамға террористік шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктердің жойқын салдарын жеңуге көмектесуге дайынды туралы айтқан болатын.