Ақтөбеде 69 жастағы белгілі нефролог Абай Айсағалиевті іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ол 23 мамыр күні үйінен шығып кеткен, содан бері хат-хабар жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Диапазонға" сілтеме жасап.
МӘН-ЖАЙ
Волонтерлердің айтуынша, Абай Айсағалиев – қалада кеңінен танымал маман, оның жоғалуы қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызды.
– Абай Айсағалиев – танымал нефролог-дәрігер, оны көпшілік таниды. Жақындары қатты уайымдап отыр. Біздің топ кеше кештен бастап іздеуге қосылды, – деді Zello Poisk еріктілер ұйымының өкілі Екатерина Голотина.
Ер адам көзілдірік тағады, ал бір көзі көрмейді. Волонтерлердің мәліметінше, жоғалып кеткен кезде оның үстінде джинс шалбар мен сұр немесе қою көк түсті кәжек болған болуы мүмкін. Маңызды белгілердің бірі – оның жүріс-тұрысы немесе көру қабілетіне байланысты ерекшеліктері.
Еріктілер мен құқық қорғау органдары 23 мамырдан кейін Абай Айсағалиевті көрген адамдар болса, дереу полицияға немесе іздеу жұмыстарының ұйымдастырушыларына хабар беруді сұрайды.
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында 7 мамырда Жітіқарадағы түнгі клубтан шыққан соң жоғалып кеткен 24 жастағы Евгений Кузьминнің мәйіті табылғанын жазған едік.
Жас жігіттің денесі өзеннен жағадан шамамен 20 метр қашықтықта, 3,5 метр тереңдікте табылды.