Бүгін Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Синоптиктер қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

“Қазгидромет” РМК мәліметінше, 2025 жылғы 31 мамырда күндіз Ақтөбеде, ал түнде Қостанай мен Астанада атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттар артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада ұзақ уақыт болудан, әсіресе автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында, аулақ болу;
  •  Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен жабық ғимараттарда айналысу.