Аптап ыстық: жаздың алғашқы күндерінде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Сырым Қаржас
wallpaperswide.com

Синоптиктер алдағы күндердегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

1 маусым күні оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда, 2 маусымда батыс пен оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Батыс пен солтүстік-батыста аптап ыстық бәсеңдейді. Ал қалған өңірлерде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Елдің орталығы мен оңтүстігінде күндізгі уақытта 35-40 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжанып отыр.