Танымал заңгер нашар интернет үшін Tele2-мен соттаспақ

Сырым Қаржас
әлеуметтік желі

Қазақстандық танымал заңгер Жаслан Айтмағанбетов интернет сапасының нашарлығына байланысты Tele2 телекоммуникациялық компаниясын сотқа бермек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Заңгер байланыс сапасының төмендігіне шағымданып, компаниямен соттасуға қажетті құжаттарды әзірлеуге кіріскенін айтты.

Сондай-ақ, ол Tele2 қызметіне көңілі толмаған клиенттер үшін арнайы чат ашатынын мәлімдеді.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Tele2-ге қарсы сотқа беру үшін құжаттар дайындап жатырмын. Алты ай бойы нашар интернетке шыдаңыздар, ал біз тарифтерді өсіре береміз дейді. Бірнеше сағаттың ішінде шағым өте көп түсті. Жақында соттасқысы келетіндер үшін топ ашып, шаблондар дайындаймын, – деп жазды ол.

ТЕЛЕ2

Еске салайық, бұған дейін ұялы байланыс операторлары келісіп тариф бағасын көтергенін хабарлаған едік.