Алматыда бір топ белсенді су жаңа әкім Дархан Сатыбалдыға талап қойды

Есдәулет Қызырбекұлы

Алматыда бір топ белсенді жаңа әкім Дархан Сатыбалдыға қаладағы мәселелерді айтып, талаптарын қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТАРИФ ПЕН ҚЫМБАТШЫЛЫҚ

«Ақсай-1» қоғамдық бірлестігінің басшысы Светлана Дружинина коммуналдық тарифтердің екі жылдан бері үздіксіз өсіп жатқанына тоқталды. Оның сөзінше, жылу, жарық, су мәселесі қалада толыққанды шешілмеген.

Тарифтердің барлығы табиғи монополияны реттеу департаменті бекіткенімен, оны қалалық әкімдікпен мақұлдайды. Себебі олар ешқандай наразылық болмау үшін осылай жасалады. Тарифтер 2023 жылдың шілдесінен бері өсіп келеді. Осы жылы инвестиция тарту бойынша бағдарлама қабылданған. Ол байынша жыл сайын тарифтер өседі. Оның мақсаты тозығы жеткен жүйе көрсеткішін азайту болған. Қызметкерлерді қысқарту керек болған. Бірақ нәтижесінде біз нені көріп отырмыз, «АлматыЭнегоСбыт» қымбат офистерде қалай отырды, әлі солай отыр. «Алатау жарық» компаниясының офисі бар. Олар сол жерде отырса болатын еді. Осы арқылы қаржы үнемдесін, – деді ол.

Бұдан бөлек, Светлана Дружинина қаладағы ыстық су мен жылу бойынша шешілмеген мәселе шаш етектен екенін айтты.

«Алматы су» мен «Алматы жылу жүйесі» олардың да мәселесі жетіп артылады. Жылу жүйесі жыл сайын жылу маусымы қалай ақталады, көбінде ыстық су да бірге өшіреді. Бұл мәселе бәріне мәлім. Ол жөнінде әкімдік те біледі. Біз өте көп қаржы бордюр ауыстыруға бөлінеді. Бірақ ол ақшаларды жабық жылу жүйесі сияқты бағдарламаларға болу қарастырылмаған. Иә, бұл өте қымбат. Астананың өзінде Алматымен салыстырғанда жылу үш есе арзан. Оларда жабық жүйе. Біз сонда жазда ыстық сусыз отырамыз. Оның үстіне жылуға үш есе қымбат төлейміз. Бұл мәселені шешуге Бақытжан Сағынтаев та, Ерболат Досаев та құлықсыз болды, - деді Светлана Дуржинина.

КӨЛІК КЕПТЕЛІСІ

Журналист Анар Аққозының сөзінше, қаладағы көлік кептелісі жыл өткен сайын күрделеніп бара жатыр. Ол өзге аймақтардан келетін көліктердің мәселесін қала әкімдігі шешуі керек деді.

Қалада миллионға жуық машина жүр. Оның статистикасы интернетте, ашық дереккөздерден көруге болады. Күн сайын қалаға өзге аймақтардан өте көп көлік кіреді. Оның басым көпшілігі Жамбыл және Түркістан облыстарынан келеді. Бұған қоса, Астана қаласы мен Жетісу облысынан келетіндер де бар. Қырғызстан, Беларусь, Ресей көліктері де жүр. Сол себепті бұл мәселені шешу қажет, – деді журналист.

ӘКІМДЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРУ

Бұдан бөлек, Анар Аққозы құзырлы органдар Дархан Сатыбалдыға дейін Алматыны басқарған әкімдердің барлығының жұмысын тексеруі қажет деді. Оның сөзінше, олардың ешқайсының жұмысы ашық болмаған.

 Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, бас прокуратура бұрынғы әкімдердің барлығының қаржылық жұмыстарын тексеруі қажет. Біз әлі күнге дейін Виктор Храпуновтан бастап, Ерболат Досаевқа дейінгі әкімдердің ешқайсысының жұмысы жайлы білмейміз. Оның барлығы бізге қызық, - деді Анар Аққозы.

ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ЭКОЛОГИЯ

Архитектор Лейла Рақымжанова қаланың экологиясы мен құрылысы туралы айтты. Оның сөзінше, биік ғимараттардың көп салынуына байланысты ауа алмасуы қиындаған. Салдарынан Алматының аспанындағы газ бен ыс басқан.

Жиынға қатысушылар қаладағы қордаланған мәселелер жазылған арнайы меморандум мен петицияны  ePetition.kz сайтына жариялайтындарын айтты. Ол Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалдының атына бағытталмақ.

24 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар Алматы әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатып, оның орнына президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары болған Дархан Сатыбалдыны тағайындаған. Осыдан кейін әкімді тағайындау емес, сайлау қажеттігі мәселесі қайта көтерілген. Алматылық белсенді Марат Тұрымбетов 8 маусымда әкімді сайлау құқығын талап етіп, митинг өткізгісі келген. Бірақ оған Алматы әкімдігі рұқсат бермеген. Белсенділер әкімді тұрғындары өздері сайламайынша, қаладағы мәселелер шешілмейді деп есептейді.