Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды

Ulysmedia

Шенеуніктің ұсталғаны туралы Қаржы мониторингі агенттігі ақпарат таратты, деп хабарлайды, ulysmedia.kz

Фото: Ашық дереккөзден

«Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты, электрондық сауда алаңдарының басшыларын және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады», - делінген хабарламада.

Ж.Қарағаевқа қатысты сот қаулысымен тергеу органы сайлаған және облыс прокуратурасы қолдаған екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу жүріп жатыр.