АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Кит Келлог Вашингтонның Ресейге қарсы жаңа санкцияларды енгізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Менің ойымша, олар дайын. Қолдануға толық әзір. Бұл құжат «2025 жылғы Ресейге қарсы санкциялар туралы заң» деп аталады. Грэм оны әзірлеп қойған және қолдануға дайын», – деді Келлог.
ЗАҢ ЖОБАСЫ НЕНІ КӨЗДЕЙДІ
Аталған заң жобасын республикалық сенатор Линдси Грэм мен демократ сенатор Ричард Блюменталь бірлесіп әзірлеген. Құжатта Мәскеуден мұнай, мұнай өнімдері, табиғи газ, уран және өзге де тауарларды импорттайтын елдерге 500 пайыздық кедендік баж салығын салу ұсынылады. Бұл бастама сәуір айында таныстырылған.
Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, оған АҚШ Сенатындағы 82 сенатор қолдау білдірген. Бұл туралы РБК жазды.
ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ
Еске сала кетейік, мамыр айының ортасында Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленский мен Еуроодақ басшылығына Ресейге қарсы санкцияларға қарсы екенін мәлімдеген болатын.